Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру жобасы нәтиже беруде

486

0

Облыста ағымдағы жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 78 млрд. теңгенің 2401 конкурсы жарияланды. Бүгінгі күнге, оның 51 млрд. теңге болатын 1354-ы аяқталып, 3 млрд. теңге үнемделді. Қалған сатып алулардың белгіленген мерзімде жүргізілуі бақылауда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Қуандық мәлімдеді.

«Үнемделген соманың 92 пайызы бірыңғай ұйымдастырушылардың үлесінде. Ағымдағы жылы өткізілген барлық конкурстың 95% бірыңғай ұйымдастырушылармен жүргізілді, қалғаны тапсырыс берушілермен жарияланды. Яғни 2026 конкурстың 854-і бірыңғай ұйымдастырушылармен, 172-і тапсырыс берушілермен. Өткен жылы заң бұзушылықтар саны – 1569 болса, биыл 1060 бұзушылық анықталып, біршама азайды. Оның ішінде, жарияланған сатып алулардың уәкілетті органмен күші жойылуы көрсеткіші 8% -ға кеміген», – деді А.Қуандық.

Сондай-ақ, өткен жылы Қызылорда облысы Қаржы министрлігімен жүргізілген «Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру» пилоттық жобасына қатысып, 124 млрд. теңгені құрайтын

2900 конкурс ұйымдастырды. Осы модель негізге алынып, биыл барлық конкурстың 95% бірыңғай ұйымдастырушылармен жүргізілді, қалғаны тапсырыс берушілермен жарияланды. Бұл уәкілетті орган тарапынан анықталған бұзушылықтардың азаюына ықпал етіп, өткен жылмен салыстырғанда кемшіліктер 34%төмендеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<