Облыс әкімдігінің қолдауымен бүгін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы және Электронды коммерция орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алулар» тақырыбында «Достық үйінде» облыстық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты мен мемлекеттік сатып алу саласында облыста атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде басқарма басшысы Бауыржан Шаменов хабарлама жасады.
Сонымен бірге, семинардың бағдарламасына сәйкес Астана қаласынан электронды дүкен – «Omarket.kz» жобасының жетекшісі Айжан Мұратқазықызы және арнайы сарапшы мамандар қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген соңғы өзгерістер мен мемлекеттік сатып алуды өткізудің барлық рәсімдері түсіндіріліп, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мен электронды дүкен функционалында орын алған өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.
Қорытындысы бойынша семинарға қатысушы – облыстық басқармалар мен қала және аудан әкімдіктерінің және оларға бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуға жауапты 230 астам мамандарына сертификаттар табыс етілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<