Мемлекеттік стипендия әдебиет пен мәдениеттің майталмандарына берілді

4580

0

Мемлекет басшысының Жарлығымен мәдениет саласындағы стипендия әдебиет пен өнердің 75 қайраткеріне тағайындалды. Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның қатысуымен салтанатты жиын өткізіліп, өнер саңлақтары марапатқа ие болды. Сыр поэзиясының шынары Қатира Жәленова мен театр тарланы Бақытбек Алпысбаев та мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендияның иегері атанды. Жыл басындағы айтулы жаңалық тек мәдениет саласы үшін ғана емес, сырбойылықтардың барлығына ортақ қуаныш, ортақ жетістік десек, артық емес.

Мемлекеттік стипендия әдебиет пен мәдениеттің майталмандарына берілді

Қатира Жәленова – «Кел, махаббат», «Аңсаған менің әнімсің», «Ақ гүлдер» атты өлең жинақтарының авторы.

Ал Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері, Бақытбек Алпысбаев – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. Еңбек жолында адалдық пен ізденістен айнымаған майталмандарды Мемлекеттік стипендия иегері болуымен құттықтаймыз!

Мемлекеттік стипендия ақын-жазушылар мен әдебиеттанушыларға, драматургтер мен публицистерге, театр, кино және балет актерлеріне, қолөнершілер мен өзге де мәдениет  саласына зор үлес қосып жүрген  азаматтарға табыс етілді. Олардың қатарында Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов Иранбек Оразбаев, Нұрғали Нүсіпжан, Тұңғышбай Жаманқұлов, Меруерт Өтекешова, Амандос Ақанаев, Дулат Исабеков,  Төлен Әбдік, Әкім Тарази, Гульвер Разиева және басқалар бар.

Дина Бөкебай,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<