Мемлекеттік тіл саясаты, ономастика және көрнекі ақпарат

157

0

Фото: Жаңақорған ауданының әкімдігі

Облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан жүргізіліп жатқан зерделеу жұмыстары Жаңақорған ауданында жалғасты. Қоғамдық даму бақармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Есім Ләззат Жұмаханқызы мен облыстық тілдерді оқыту орталығының бөлім бастығы Сембиева Гүлбану Ғарифуллақызы аудан әкімі орынбасарының және аудан әкімі аппараты басшысының қабылдауында болды.

Жаңақорған кенті мен Жаңарық, Әбдіғаппар ауылдық округтеріндегі ономастикалық ахуалдың жай-күйімен танысып, іс – қағаздардың рәсімделуін зерделеп қарап шықты. Көшелерге рұқсатсыз орнатылған аркалар мен ескерткіш белгілерге, бірыңғай үлгіге сәйкестендірілмей жазылған көше атауларына қатысты бірқатар сын – ескертпелер айтылды.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бағытындағы жұмыстары сарапталып, мәдениет үйінде кент, ауылдық округ әкімдері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен семинар өткізіліп, мемлекеттік тіл саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<