Мемлекеттік ту көтеру рәсімі

235

0

Қызылордадағы Мемлекеттік Рәміздер аллеясында ұлттық мереке – Республика күніне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекіте түсетін рәсімге құқық қорғау органдары, басқарма, департамент басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен күштік құрылымдар мамандары қатысты.

Мемлекеттік ту көтеру сәтінде Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің хор ұжымы Гимн орындады.

Ұлттық мереке күні бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған патриоттық акция еліміздің барлық аймағында өткізілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<