Егер сіз «Алтын» алқа», «Күміс алқа» , «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз.
ХҚО арқылы:
– Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;
– Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
– ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:
– Жеке куәлік;
– Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;
– Банктік есепшот жайлы анықтама;
SMS хат арқылы:
– Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, «Алтын» немесе «Күміс» алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.
-Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.
– Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.
Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг).
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 7 жұмыс күні.
Есіңізде болсын!
Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді.
Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<