Мемлекеттік органдардағы жобалық басқару

611

0

Мемлекеттік  органдардағы  жобалық басқару Заманауи талаптарға сәйкес мемлекеттік жобалар мен бағ­дарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан бөлінетін қаражатты ұтымды әрі тиімді пайдаланудың өзектілігі артып келеді. Қазір әлемде жобалық басқару мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылуда. Себебі, жобалық басқару дегеніміз – қойылған мақсаттар мен ұсынылған нәтижелерге қол жеткізу үшін тапсырмаларды жүйелі орындау. 

Жобалық басқаруда алға қойылған мақсатқа жету үшін айқындалған про­цесті міндетті бөліктерге бөлшектеп, әрбірі бойынша орындалу мерзімі мен оның құнын бақылау жұ­мыстары атқа­рылуы тиіс.

Осы орайда мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды енгізудің басты мақсаты – мем­лекеттік маңызы бар нысан­дардың құрылысына бөлінген қар­жылардың тиімді жұмсалуы мен жұ­мыстың мерзімінде орындалуына бақылау жасау болып табылады.

Елбасы Жолдауында Үшінші жаң­ғырту аясын­дағы 30 дамы­ған елдің қатарына қосылу үшін тұрақты даму мен эко­номиканың өсу деңгейін қам­тамасыз ететін ел дамуының негізгі басымдықтарын ай­қын­дап берген.

Осыған байланысты, мем­ле­кеттік органдарда басқа­ру­дың дәстүрлі тетігімен қатар аталған бағыттарда тәуекелдер мен өзгерістерді басқарудың айрықша құралы ретінде  жо­ба­лық басқару жүйесі енгі­зілді.

Бүгінгі күні елімізде жоба­лық бас­қаруды ендіру аясында басым бағыттар мен нысаналы индикаторлар бекітілген. Ор­талық деңгейде жобалық басқару аясында – 12, экономика ба­ғыттары бойынша 21 жоба жүзеге асырылуда.

Аймақта жобалық басқа­руды ендіру орталық және өңір­лік секілді екі бағытта жүргізіледі.

Орталық деңгейде, аймақ­тың ерек­шелігі мен басым­дықтарын ескере отырып, облысымыз орталық мемлекеттік органдардың сегіз бағыты бойынша 10 жобаға қатысуда.

Мәселен, инвестицияларды тарту аясында облыс аумағында 32 жобаның жү­зеге асырылуы жоспарланған (ағымдағы жылы 24 жобаны іске қосу және 8 жоба құрылысының басталуы). Жыл басынан бері жалпы құны 2,6 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылды, жылдың ая­ғына дейін 32,7 млрд теңге сомасына тағы 20 жобаны жү­зеге асыру жоспарланып отыр, бұл өңірдің қосымша даму көздерін қамтамасыз етеді.

Базалық индустрияландыру аясында шыны және цемент зауыттарының,  «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының және жалпы құны 396,2 млрд теңге болатын кальцийлендірілген сода өндіру зауытының  құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған нысандарда бүгінгі күні құрылыс жұмыстары бел­сенді жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласын­да МӘМС-ті енгізу, бәсе­келес­тік пен жеке ме­ди­цинаны дамыту, медициналық туризмді дамыту және импортты алмас­тыру, дәрілік заттар нарығын дамыту, денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру және не­гізгі аурулардың ауыртпалығын азай­­ту арқылы денсаулық сақтау тиім­ділігін арттыру бойынша жұмыстар қарас­тырылған.

Еңбек нарығының инфрақұ­рылымын жаңғырту және еңбек ұтқырлығын дамыту бойынша еңбек ресурстарын жоспарлау және болжау, жаңа экономика үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау, еңбек ағынын басқару және өнімді жұмыспен қамту мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде.

Өңірлік деңгейде Белгород облы­сының (РФ) тәжірибесі негізінде жо­ба­лық басқаруды ен­діру бойынша жұмыстар жал­ғасуда.

Жергілікті атқарушы ­ор­­­ган­­­­дардың жобалары бас­та­­­ма­­­шы­лық, бюджеттік ин­вес­тиция­лық, мемлекеттік-жеке­­мен­шік әріптестік аясын­дағы жә­не «Бай­қоңыр» ӘК» ҰК» АҚ-­ның жобалары және эко­номи­каны цифрландыру бас­та­ма­ларын барынша көз­дейді.

Бүгінде «Жобалық кең­се» ақ­парат­тық жүйесінде 58 жобаның мониторингі жүр­гі­зілуде.

Болашақта жобалық басқару тәсілі мемлекеттік басқару жүйе­сіне түбегейлі өзгерістер енгізу алғышарттарын ту­ды­­ра отырып, мемлекеттік-бағ­дар­лама­лар­ды, ірі инвестициялық жобаларды тиім­ді басқаруға мүмкіндік беретін даму құрал­дарының біріне айналуы тиіс.

Б.ЖҮНІСОВА,

 облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<