Ағымдағы жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастырылуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Дөңгелек үстелге РГП «КазИнСт», «ҰлтССО» АҚ ҚФ, «Шебер Принт» ЖШС және бірқатар мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері қатысты.
ТРМК-нің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы- С.Қасымов іс-шараны аша отырып, мемлекеттік рәміздерді орналастыру және жою тәртіптеріне, ҚР СТ 989-2014, ҚР СТ 988-2007 ұлттық стандарттарының талаптаына тоқталып өтті. Мемлекттік рәміздер жөніндегі коммисияның жүргізген мониторингінің қортындысы мен мониторинг екзінде анықталған кемшіліктерді атай келе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жүргізді.
Іс-шараға қатысушылар рәміздерді қолдану барысында кездесіп тұратын кемшіліктер бойынша өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Мысалы: кейбір ғимараттарда бірнеше мекемелердің маңдайшаларын орналастырған кезде, маңдайша полотносының көк түсінің реңі әр-түрлі болып, эстетиканы бұзып, дұрыс көрінбейтінін, тендер ұтқан кейбір дайындаушылардың маңдайшада орналастырылатын Мемлекеттік елтаңбаның көлемді бейнеде болуы міндетті емес деп уәж айтатынын, және мекеменің фирмалық бланкісінің әр данасынында қойылатын нөмірінің қай түрде болуы Ережеде нақты көрсетілмеу себебінен бір бланкаларда горизонтальді ал басқа біреулерінде вертикальді түрде қойылғанын айта келе, төменде көрсетілген пікірлері мен ұсыныстарын білдірді:
1)ҚР Үкіметінің 22.11.2011 жылғы №1371 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидалары»-ның 6-шы бабында көрсетілген – «Полотноның реңі көк түсті» деген жерінде – Pantone халықаралық атласының түстік анықтамалығының қай нөміріне сәйкес келуі керек екені нақтылап көрсетілсе;
2)осы «қағиданың» 5-ші бабындағы –«Маңдайшаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады» деген жерде – көлемді бейнеде орындалған болу қажеттілігі аталып көрсетілсе;
3)сонымен қатар ҚР Үкіметінің 21.12.2011 жылғы №1570 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалаоры»-ның 15-бабында « … құжат бланкасының әр данасының сол жақ төменгі бұрышында типографиялық тәсілмен немесе нумератормен нөмір, ал қажет кезде серия қойылады» деген жерінде нөмірдің вертикалды немесе горизанталды түрде болуы нақтылап көрсетілсе
деген ұсыныстарын білдірді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап беріп және берілген ұсныстарын жұмыс барысында тағы-да қарауға шешім қабылданды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<