Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де – мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», – деген болатын. Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда.
Бұл үлкен міндетті іске асыруда Қызылорда қалалық Полиция басқармасы шет қалған емес. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді қызмет барысында, іскерлік қарым-қатынас, іс жүргізу тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылып, «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуы, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы үнемі бақылауда болып келеді.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын бөліністерінің басқа да органдар арасындағы процессуалдық құжаттардың барлығы мемлекеттік тілде ресімделіп, олардың ресімделу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес жүргізілуі қатаң бақылауға алынған. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліністері (кеңселер), қабылдау бөлмелері шығыс құжаттарды қазақ тіліндегі нұсқасы болмаса қол қоюға, тіркеуге қабылдамауды іске асыруды қадағалауда. Жауынгерлік-қызметтік даярлық, әлеуметтік-құқықтық сабақтары, мерекелік іс-шаралары, саптық байқаулар мен жиындар тек мемлекеттік тілде өткізілуде. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, келіп түскен құжаттарға жауаптар мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде қайтарылуда.
Басқарма басшылығының сөз сөйлеулері, брифингтер мен баспасөз конференциялары тек мемлекеттік тілде өткізіледі.
Полиция қызметкерлері барлық қызмет салаларына, мемлекеттік тілде құжат әзірлейтін қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында мемлекеттік органдар атауларының жазылуы және құжаттар әзірлеу кезінде терминдер мен сөз тіркестерін пайдалану жөніндегі әрі қазақ тілінің негізгі емле ережелерінен үзінді берілген анықтамалық жолданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №710 бұйрығын орындау мақсатында департамент қызметкерлеріне «Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту» қысқа мерзімді курстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тіл саясатын насихаттап, мәртебесін арттыру, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру, тәртіп сақшыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, ішкі істер органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыру және олардың құқықтық мәдениетін, ізгілік пен парасаттылық рухын көтеру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «Парасатты полицей» байқауы өткізілуде. Байқауға аудандық және Қалалық полиция бөліністерінен қызметкерлер қатысып, кәсіби біліктілігімен қатар шығармашылық даярлықтарын сынауда.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<