Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қандай?

347

0

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қандай? Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу аяқталды. Ол Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында атқарылды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зор рух» қайырымдылық қорымен жүргізілген мониторинг мақсаты – Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, рәсімдеріне және қолжетімділігіне қазақстандықтардың қанағаттануы деңгейін анықтау. Мониторингпен 65 ең әлеуметтік-маңызды деген мемлекеттік қызмет көрсетулер қамтылды. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бағыттау үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою, жедел медициналық жәрдем шақыру, тауарларды кедендік тазарту, ҚР Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметкерлерін тіркеу, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және тұрғындар үшін маңызды өзге де қызметтер қамтылды», – делінген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктігі мәліметінде.
 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ақпарат, қолжетімділік, қызметкерлер, рәсімдер, мерзімдер, шығындар, кері байланыс, нәтиже сияқты критерилермен бағаланды. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін респонденттер стандарттарға сәйкес, аталған қызметтер көрсететін органдар жұмысына байланысты әртүрлі құрылымдар мен ұйымдарға жүгінді.
Белгілі болғандай, сұрау салу қорытындысы бойынша 14219 қызметалушы қамтылды. Олардың жартысынан сәл астамы (51,5%) тиісті мемлекеттік қызмет көрсететін кеңселерге жүгінген. Ал 40,3 пайыз жағдайында олар ХҚКО жүгінгендіген, тек соның 1,6 пайызы ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында мемлекеттік қызметті ала алған. Қызмет алушылардың қалған 8,2 пайызы мемлекеттік қызметті өздерінің мобильдік қосымшасындағы және компьютеріндегі порталдан алған.
Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша рейтингте ең жоғары бағаны мынадай қызметтер алды: «Мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркеу», «Өтуге рұқсаттама беру және шекаралық белдеуде болу», «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқып жатқандарға жатақхана беру», «Құжаттарды қабылдау және жалпы білім беру, негізгі орта, бастауыш жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымына қабылдау», «Экономикалық шоғырлануға келісім туралы өтініштерді қарау», «Таурлардың жіктелімі туралы алдын ала шешім қабылдау», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бағыттау үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» және «Иондаушы сәулелерді генерациялайтын құрылғылар мен қондырғылармен жұмыс істеуге рұқсаттама беру». Айтарлықтай төмен бағамен бағаланғандар: «Жедел медициналық жәрдем», «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу», «Мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Тауарлық белгіні тіркеу», «Мүгедектерге оларға протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу» және өзгелері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<