Мемлекеттік қызмет оңтайлануда

369

0

Қолданыстағы заңнама жетілдіру мақсатында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша өз кезегімен оңтайландыру және автоматтандыру шаралары жүргізілуде.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап нотариус міндетті түрде куәландырған барлық мәмілелер әділет органдарына электрондық нысанда жіберіледі. Тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, осы Заңның шеңберінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесінен техникалық паспорт алып тасталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 29.03.2016 жылғы «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалыө актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімі 5 күннен 3 күнге қысқартылды.

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелелері бойынша өзгшерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының аясында «Әділет органдары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болып табылады.

Жер қатынастары және жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтарды тіркеу саласындағы қызметтерді біріктіру, оны жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік бірыңғай кадастрын құру қажет. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесін және қала құрылысы кадастрын және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерек қорын біріктіру арқылы жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру және енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаны іске асыру тұрғындарға бір өтініш негізінде жер учаскесіне құжаттарды әзірлеу, техникалық паспортты жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу аясында жылжымайтын мүлікті рәсімдеуде толық қызмет көрсету мүмкіншілігі туындайды.

Сондай-ақ, жылжымалы мүлікке кепіл шартын және кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді электрондық форматқа көшіру шарлары жүргізілуде. Бұл шара өз кезегінде 1 жұмыс күнінде тіркеуді және қағаз түрінде құжаттарды ұсынуды болдырмауды көздейді.

Сонымен қатар, меншік иесінің мәліметтерінің өзгеру қызметін автоматтандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл орайда, қолданыстағы заңнамаға түзету енгізу арқылы меншік иесінің мәліметтерінің өзгеру құқығын міндетті тіркеу жүргізілмейді, яғни «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерек қорына мәліметтер автоматтық түрде ақпараттық жүйелерден түседі.

 Осы салада көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және оңтайландыру бағытындағы жүргізіліп жатқан шаралар бұл Жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін жақсарту, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік кедергілерді азайту, қаржылық және уақыт шығындарын азайту болып табылады.

Министрлік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметті әрі қарай оңтайландыру шараларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетке қол жеткізу тұрақты негізде рейтинг индикаторларын жақсарту бойынша одан әрі реформа жүргізуді талап етеді.

М.Ермекбаев,

облыстық Әділет департаментінің бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<