Бүгінгі таңда дүниежүзінің дамыған елдеріндегідей елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қызмет көрсету – қазіргі уақыттағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, Әділет министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 58 түрі тіркелген. Оның ішінде, 19 қызмет тікелей аумақтық Әділет департаменттерімен көрсетіледі. Оның ішінде, мемлекеттік қызметтерінің 4 түрі тек қағаз ретінде белгіленген. 4 электронды және қалғаны, яғни 11-і баламалы түрде электронды немесе қағаз жүзінде қарастырылған.
Бүгінде тіркеу рәсімдерін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар, қағазбастылықты жою мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде көрсетіледі.
Әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі жеке сот орындаушылар қызметтерімен айналысуға құқық беретін лицензиялар алу үшін аттестаттау өткізу болып табылады.
Аттестаттау жылдың тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар: жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс.
Аттестаттау туралы жариялым үнемі Әділет департаментінің ресми сайтында орналастырылады.
Құжаттарды қабылдау «электрондық үкіметтің» www.egov.kz (link is external), www.elicense.kz (link is external) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер деңгейін жоғарылату Әділет органдарының міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды түрі болып, мемлекеттік органдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттырары сөзсіз.
Д.А.Шарапатов,
Қызылорда облысының бөлім басшысы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<