Әдеп жөніндегі уәкіл – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзбауды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасының заңдарын, «Әдеп» кодексін және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Ережені, сондай-ақ ҚР өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алып жүзеге асырады.
Ол өз құзыреті шегінде, мемлекеттік қызметшілерге ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді. Өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақытылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етеді. Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Мемлекеттік қызметшілер ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді.
Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар болған кезде әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.
Ж.ДҮЗЕЛБАЕВА,
ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекция басшысының
орынбасары –
әдеп жөніндегі уәкілі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<