Мемлекеттік қызметтер сапасы артуда

337

0

Бүгін “Достық үйінде” С.Имандосовтың төрағалығымен облыстық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайы қозғалды. Бұл мәселе бойынша алдымен қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы жылдың он айында  халыққа “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы 58 қызмет түрі, “электронды үкімет порталы” бойынша 47, тікелей дербес бөлім кеңсесі арқылы 72 қызмет түрі қолжетімді болған. Ішкі бақылау қорытындысына сәйкес есептік кезеңде қызмет алушыларға жалпы 147 мыңнан аса қызмет көрсетілген.

– Мемлекеттік қызмет көрсету саласының сапасын арттыру жолдарының бірі – электронды түрде көрсетілген қызметтердің санын ұлғайту.  Бұл мақсатта қала аумағында, кенттер мен ауылдық округтерде “электрондық цифрлық қолтаңба” тақырыбындағы билбордтар ілінсе, көшелер мен аялдамаларда “e-gov” веб порталы жөнінде ақпараттық материалдар орналастырды, – деді Ш.Байманов.

Кеңесте қала көлемінде мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың қызметтерді қолжетімді түрде алуы мен уақытылы ақпараттандырылуы бойынша кеткен кемшіліктерде сөз болды. Ол туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері ждәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев хабарлады.

Жиын соңында қос баяндамашыға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

“СБ” ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<