Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты, «Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы өкілдігі, «Tura Bi» медиация және қалпына келтіру әділ сот орталығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы арасында жариялық қатынастардан туындаған дауларды татуласу рәсімдерімен шешу туралы меморандум жасалды.
Меморандум мақсаты тараптар дауларды реттеу бағытында жан-жақты қарым-қатынасты нығайту, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, бұзылған немесе дауланатын құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру болып табылады.Сонымен қатар, жариялылық қатынастардан туындаған дауды шешу тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беріп, Қызылорда облысы аумағындағы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасап, оларға дауларды медиация рәсім тәртібімен шешудің қолайлылығын түсіндіріп, тиімді тәсілдерін қолдану.
Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева, «Халықаралық Медиация Орталығы» РҚБ–нің Қызылорда облысы өкілдігінің директоры Р.Бейс, «Tura Bi» медиация және қалпына келтіру әділ сот орталығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Н.Нұрғалиев қатысты.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<