«Мен кәсіпкер» жобасы жүзеге асады

716

0

Қызылорда облысында «Мен кәсіпкер» жобасы жүзеге аспақ. Жоба аясында биыл 600-ге жуық азаматқа қызмет көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов мәлімдеді.

– Биыл кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға, кәсіпкерлерге жақсы мемлекеттік қолдау тетіктері енгізіліп жатыр. Қаржылай қолдау тетіктеріне 2,5 пайызбен жастарға берілетін несиені және «Ауыл аманаты» бағдарламасын айтуға болады. Ал қаржылай емес қолдау тетігіне биыл басталған «Мен кәсіпкер» жобасын атап өткім келеді, – деді Пірмұхаммед Айтбайұлы.

Брифингте сала мамандары «Мен кәсіпкер» – жобасы бірнеше саланы қамтитынын және негізгі екі бағытын атап өтті. -Негізгі екі бағыты бар. Олар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы және кәсіпке бағыт. «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағытына тек қана қыз-келіншектер ғана қатыса алады. Ал «Кәсіпке бағытқа» ер азаматтар да, әйелдер де қатыса алады. Негізгі талабы – кәсіпкер болуы керек, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге басымдық беріледі.

– Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кеңес беріп, олардың қажеттіліктерін анықтайды. Одан кейін сұранысын анықтап, соған сәйкес қыз-келіншектерді оқытады. Бұл бағытқа тек қана қыз-келіншектер ғана қатысады. Бұған қоса, қатысушылар өтінім беріп, оқитын бағыттарын анықтап алады. Ары қарай оқытатын салалық сарапшылар пулын қалыптастырады. Олар жобаға қатысушы кәсіпкерлердің біліктілігін арттырып, олардың кәсіптерін алты ай сүйемелдейді , – деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әсел Алушаева.

– Бір ауыл- бір өнім» жобасы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында іске асады. Бұл қыз- келіншектерге арналған жоба. Оның шартының бірі – шикізат жергілікті өнім болуы керек. Негізі бұл жоба пилоттық тұрғыда төрт облыста жүзеге асқан. Атап айтқанда, былтыр Батыс Қазақстанда, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында іске асты. Сол себепті, идеясы бар немесе жобасы дайын, қалай жүзеге асыруға болады деген қыз-келіншектерге қолдау көрсетеміз, –деді облыстқы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<