Танымал әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева енесіне су жаңа пәтер сыйлап, қатты қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі күйеуінің анасына үйді өздері тұрып жатқан үйдің жанынан алып берді.
“Аналар бар жақсыға лайық. Үйіңіз құтты болсын, асыл енешім. Мамам үйге келгенде құт-береке орнайды ғой, үйдің аурасы өзгеріп күштіі болып кетеді. Енді Ару апасымен күндіз-түні бірге. Қуана білгенге құт қонады. Жұғысты болсын! Енді енемізбен көрші боламыз», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әзілкештің айтуынша, басқа келіндер секілді ол да енесімен ара қатынасы жақсы болмағанын жасырмады. Алайда бүгінде бәрі реттелген көрінеді.
“Бастапқы кездерде енем Арсенді менен қатты қызғанып, мені онша жақтырмайтын. Мен де енеме жақын емес едім. Мамамды қатты сыйлап, жақсы көріп кетуіме өзімнің анам себепші болды. Өз мамам «Мереке, сенің енең екі ұлын өзі жалғыз өсірді. Солар үшін өмір сүрді. Ұлдарын үйлендірді. Ал өзі үйінде жалғыз, күнде түнде қорқып ұйықтап, қорқып тұрады. Сендер ұятсыз екенсіңдер. Сендердің орындарыңда болсам енеңді қолыма алар едім. Бала-шағаң әжесін күнде көріп өседі. Арсеннің де көңілі тоқ болып жүрер еді» дегенде жылап жібердім. Енемді қатты жақсы көріп кеттім. Өзімнің нашар қатын екеніме көзім жетті. Сөйтіп сыйлық жасап, қыдыртып жіберейік деп Шымкентке шақырып алдық. Жақында туған күні», – деп жазды әзілкеш.
Еске салайық, Мереке Қалбаева өзінен алты жас кіші күйеуіне үш сағатта ғашық болып қалғанын айтқан еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<