«Менің әлемім…»

117

0

Есімі оқырман қауымға етене таныс ақын, қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Телерадио академиясының «Алтын жұлдыз» иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, облыс әкімінің «Тұран» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы өкілі Қаршыға Есімсейітованың 65 жасқа толуына орай «Менің әлемім…» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кеште мерейтой иесіне Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауы табысталды.

Қоғам қайраткері Сайлаубай Әбішев, ақын, сазгер, ҚР Білім беру ісінің үздігі Ділдахан Торғаева, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Несібелі Рахмет құттықтау сөз сөйлеп, қалам иесінің қоғамдағы еселі еңбегін атап өтіп, мерейтой иесіне сый-сыяпатын ұсынды.

Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің және «Құрмет» орденінің иегері Кенже Мусаева ақын сөзіне жазылған сазгер Д.Торғаеваның «Жырыммен бірге демеңдер» әнін орындап, көрермен қауымның қошеметіне бөленді. Сондай-ақ кеште қалалық Жастар театры ақын шығармаларын оқыса, облыстық кітапхананың өнерлі жастары әдемі әнімен әрледі.

Кеш аясында «Жауһар жырдың жазирасы» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<