“Мерейлі отбасы – 2023” ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау аяқталды!

967

0

Үстіміздегі жылы 15 мамыр күні республика бойынша «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсына құжат тапсыру бастау алып, 30 маусымда аяқталды.

Облыс бойынша барлығы 304 отбасы байқауға қатысуға құжаттарын тапсырды.

Өтінімдердің ең көп саны Қызылорда қаласы – 81, Қазалы ауданы – 40, Қармақшы ауданы – 35, Шиелі ауданы – 42, Жаңақорған ауданы – 39.

12 шілдеге дейін қала және барлық аудан әкімдіктері жергілікті жердегі комиссия отырыстарында бірінші кезең жеңімпаздарын анықтап, облыстық кезеңге ақпаратын ұсынады.

19 шілдеге дейін облыстық комиссия отырысында 2 кезеңге өткен отбасылардың құжаттары қаралып, жеңімпаз-отбасылардың конкурстық құжаттары (альбом) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданады.

Сонымен қатар, 26 шілдеде облыстық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау бойынша салтанатты шара ұйымдастыру жоспарлануда.

Жеңімпаз отбасылар туралы ақпарат «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн Қызылорда» және «Qogam TV» телеарнасының «Мәңгілік ел мұрагері» бағдарламаларында көрсетілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<