Мерейлі отбасы мүшелеріне құрмет

5272

0

Фото: Қала әкімдгі

Отбасы күніне орай, бүгін «Отбасы орталығында» азаматтық қоғам өкілдері, қоғам белсенділері және жас отбасылардың қатысуымен мерекенің мәнін айшықтайтын іс-шара ұйымдастырылды.

Отбасы күнін мерекелеуге арналған апталықтың бүгінгі күні «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбына бағытталған.

Қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Бөкенбайұлы азаматтық қоғам өкілдері мен қоғам белсенділерінің арасындағы бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болып, отбасының түтінін түзу ұшырып, ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі болар отбасылармен кездесті.

Іс-шара барысында жас отбасы, 10, 15, 50 жыл бір шаңырақ астында жарасым құрған отбасыларға қала әкімінің құттықтауы табысталып, сый-сияпат көрсетілді.

Алтын той, күміс той иелері жастарға сан-салалы қызметте еңбек етіп, отбасының ынтымағы мен тыныштығын сақтау, қызмет пен ұрпақ тәрбиесін қатар алып жүрудің қыр-сырын айтып, отбасының қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Мерейлі отбасы мүшелеріне құрмет
Мерейлі отбасы мүшелеріне құрмет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<