Бүгін 17 наурыз – шаңырақ күні аясында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет және аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айқын Жақсылықова перзентханаға барып, жаңа босанған жас аналарға құрмет көрсетті.
«Бүгінгі сәби ертеңгі ел үмітін жалғар ұрпақ» екенін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Наурыз базарлық» сый-сияпатын табыстап, гүл шоқтарын ұсынды.
Айта кетейік, шаңырақ күні қарсаңында Фарида Алиева мен Перизат Ахметова атұстарды дүниеге әкелсе, Нұргүл Мұсабаева кестетігердің анасы атанды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<