Мереке күндері қандай шектеулер белгіленді?

369

0

Облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қызылорда облысы аумағында «Құрбан айт» мерекесі күндері іс-шаралар өткізуге тыйым салу туралы 28 шілде 2020 жылғы №19 қаулысы қабылданды.

Қаулыға сәйкес  облыс аумағында 2020 жылдың 31 шілде – 2 тамыз аралығындағы «Құрбан айт» мерекесі күндері көпшілік, мерекелік және отбасылық іс-шараларын, оның ішінде үй ішінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге  тыйым салынды.

2020 жылдың 31 шілде – 2 тамыз аралығында орталық мешіті белгіленген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен мал сату базары қызметі тоқтатылады. Сонымен қатар мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға тыйым салынады.

Мал сою орындарын анықтау және құрбан шалу рәсімдерін онлайн форматта жүзеге асыру ұйымдастырылатын болады. Осы Қаулы негізінде облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейту тапсырылды.

Құрметті тұрғындар!

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мал союға тартылған адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбан болған малдың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі ветеринария­лық-санитарлық ережелер талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<