Мереке қарсаңында жастармен кездесу

2566

0

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында егемендігімізге үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым ретінде «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Кешке ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі, ақын Тұрар Бекмырзаев және Тәуелсіздіктің құрдасы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ғ.Мұратбаев атындағы тұғыш жастар сыйлығының лауреаты, ақын Гүлдәрі Тасболатқызы қатысты.

Шара барысында кеш қонақтары сан ғасырлар бойы азаттық жолында күрескен тұлғалардың қаһармандық үлгісін көрсеткен ерліктері жайлы айтып, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресін, қол жеткен жетістіктерін поэзия тілі арқылы жеткізді.

«Өлең – сөздің патшасы» дейтін болсақ, бүгінгі кеште патша қызмет етті. Тәуелсіздік жырлары – әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем. Елдің мұңында, қуанышында жеткізуде ақын осы поэзияға жүгінеді. Бұл — біздің кешегі тарихымыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрдайым биік болсын! — деді Т.Бекмырзаев.

Сонымен қатар өлеңге құштар белсенді жастар Желтоқсан оқиғасына, Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған өлеңдерін оқып, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің түлегі Ж.Ешмұратов Тәуелсіздікке арнаған «Ер-Тұран» авторлық күйін орындап берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<