Мерекелік кездесу өтті

659

0

Фото: облыстық филармония

Кеше «Анаға тағзым» орталығында  басқарма басшысы М.Қазбекова 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мәдениет саласының ардагер аналарын құттықтады.

Мерекелік кешке саналы ғұмырын мәдениет және өнер саласына арнап, жылдар бойы өңіріміздің дамуына үлес қосқан нәзік жандар қатысты.

Кездесуде Мира Жомартқызы модераторлық етіп, барша қатысушыларды шұғылалы көктемнің шырайлы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Одан әрі сала ардагерлері өз лебіздерін білдіріп, ұсыныс-пікірлерін де жеткізді.

Кеш соңында облыстық филармонияның өнерпаздары мерекелік ән шашуын арнады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<