Мерекелік концертті тамашалады

504

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады. Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті.

Концертте отандық танымал өнер жұлдыздары, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті.  

 Айта кетейік, Республика күніне арналған осы салтанатты іс-шараға Қызылорда облысының делегациясы қатысты. Делегация құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, қоғам қайраткерлері Самұрат Имандосов, Шахизат Төребаев, Серхожа Ыдырысов, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев және басқа азаматтар болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<