Мерекелік медальмен марапатталды

1238

0

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай облыс әкімдігінде жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет ел тұрақтылығын сақтауға үлес қосқан қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, ішкі саясат, мәдениет, спорт саласының мамандарына ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған «Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы» мерекелік медалін табыстады.

– Еліміздің Конституциясы әлемдегі озық Констиуциялардың қатарына кіреді. Демократиялық құндылықтарды бекітіп, ұлттық тұғырымызды берік орнықтырып берген Ата Заңымызды әрқашан құрметтеу, қастерлеу, насихаттау басты парызымыз. Еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері өздерінің біліктіліктері, күш-қуаты, тәжірибесімен тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалады. Бостандығымыз бен болашағымыздың берік тұғыры Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейлі мерекесі құтты болсын, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Мерекелік медальмен марапатталды

Мерекелік медальмен марапатталушылар қатарында еңбек ардагерлері Сайлаубай Әбішев, Алмагүл Божанова, Жахай Бодықбай, Жұмабек Аққұлов, облыстық «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы Сәбит Әбіш, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев бар.

А.НҰРТАЙҚЫЗЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<