Мерекелік марапат

353

0

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, облыстық полиция департаментінде мерекелік шара өтті. 

Шарада «Тұңғыш Президент­тің өмір жолы» бейне­ролигі департамент қыз­меткерлерінің назарына ұсы­нылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов­тың құттықтау хаты оқылды.

Облыстық полиция депар­таментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.

Шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бос­тан­дығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін полиция қызметкерлері мен ардагерлер марапатталды. Оның ішінде, мерзімінен бұрын полиция подполковнигі шені Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Сәкен Сыздыққа берілсе, жеті қызметкер ІІ-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс­белгісімен марапатталды.

Айта кетерлік жайт, марапат алғандардың қатарында құқық бұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық полиция бөлімдері, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері де бар. Шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Шынар БЕКБАН.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<