Мерзімді әскерге шақыру жұмыстары жалғасуда

432

0

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен өткен мәжілісте мерзімді әскерге шақыру мәселелері талқыланды.

Дәурен Оңғарбайұлы кәмелет жасқа толған жастардың әскери борышын өтеуге жіберу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі екендігін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты.

Жиын барысында өткен жылғы мерзімді әскерге шақыру жұмыстарында орын алған кемшіліктер мен осы жылғы күзгі мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыру туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Нұрлан Көлбаев баяндады.

Мәжілісте Дәурен Оңғарбайұлы тиісті сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне 2023 жылғы мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатаң бақылауға алу, әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы медициналық сараптамадан өтуін қамтамасыз ету, жастарды, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<