Мерзімді қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда

1138

0

Қызылордада көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мерзімді қызметке шақыру науқаны биылғы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Осы көктемде Қызылорда облысынан 700-ге жуық жасты әскерге жіберу жоспарланған. Бүгінде Сыр өңірінен 300-ден астам жас Отан қорғауға аттанып үлгерді.

Мерзімді қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда

Мерзімді әскери қызметке шақыру барысында жастардың мамандығы мен денсаулығына барынша мән берілуде. Сондай-ақ әскерге баруға ниет білдірушілердің саны артқаны байқалады.

– Қазір жастарды Қарулы күштерге қарасты әскери бөлімдерге мерзімді қызметке шақыру жұмыстары жүріп жатыр. Сыр елінің азаматтары ішінен Отан алдындағы борышын өтеуге белсенділік танытқан жастар жетерлік, – дейді Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жасақтау басқармасы мерзімді әскери қызметке әскерге шақыру бөлімінің бастығы майор Жасұлан Шанқұлов.

Қарулы күштер қатарына дене дайындығы жақсы, психологиялық тест нәтижелері жоғары жастар алынып жатқанын айта кеткен жөн.

Мұхит Қонаров,

Қызылорда гарнизоны

баспасөз қызметінің

бастығы, лейтенант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<