Соңғы 21 жылда алғаш рет Лионель Месси де, Криштиану Роналду да «Алтын допқа» үміткер болған жоқ. Бұл туралы Talksport жазды.
Месси бұл жүлдені сегіз рет жеңіп алып, рекорд орнатты. Ал Роналду бес рет иеленген. Соңғысын 2017 жылы еншіледі.
Ол өткен жылы Сауд Арабиясы Про-Лигасының «Аль-Наср» командасына ауысқаннан кейін номинациядан айырылып қалды – бірақ бұл екі жұлдыздың да 2003 жылдан бері бірінші рет тізімнен тыс қалуы.
Лука Модрич пен Карим Бензема 2018 және 2022 жылдары жүлдені жеңіп алып, Месси-Роналду монополиясын өзгерткен жалғыз адамдар болды.
Сәрсенбіде жарияланған 30 адамның қысқа тізімі үлкен футбол жұлдыздарына толы.
Англия құрамасының мүшелері Деклан Райс, Букайо Сака, Гарри Кейн, Джуд Беллингем, Фил Фоден және Коул Палмер үміткер.
Өткен жолы үшінші орын алған «Реалдың» жаңа жұлдызы Килиан Мбаппе де тізімде.
Бұл жүлдеге былтырғы екінші орын иегері Эрлинг Холланд та таласуда.
«Реал Мадрид» футболшысы Винициус Джуниор командасының ЛаЛига мен Чемпиондар Лигасын жеңуінде шешуші рөл атқарған тамаша маусымнан кейін фавориттердің бірі болады деп күтілуде.
Әрине, Беллингем де Лос-Бланкостың жетістігінде басты рөл атқарды және ол да тізімде бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<