Мейірім сәулесі

438

0

   Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  аяулы аналарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Шараға өңірдің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандылар, көпбалалы аналар, Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова  мен осы күндері 85 жасқа толып отырған еңбек ардагері Алма Ақдәулетова  қатысты. Аймақ басшысы мерекемен тұспа-тұс келген мерейтой иесін құттықтап, сый-құрмет көрсетті, облыстың ­Құрмет грамотасын ­тапсырды.

– Сіздерді көктемнің шуақты мере­кесі – Халықаралық әйелдер күнімен  шын жүректен құттықтаймын! Әлем­дегі барлық жақсылық анадан тарайтындықтан, Сіздерге деген ыс­тық ықыласымыз еш толастамайды. Әрдайым отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс пен береке тілеймін, – деген өңір басшысы аймақтағы маңызды салалардың басы-қасында қыз-келіншектердің жүргенін айрықша атап өтті.

Салтанатты жиынға қатысушылар өз кезектерінде алғыстарын айтып, өңірдің өркендеуінде  алдағы уақыт­тада үлес қосатындықтарын жеткізді. Елге тілекші болған ақ жаулықты аналар атынан Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова елдегі берекелі істерге ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Шарада мүмкіндігі шектеулі жан­дар да назардан тыс қалмады. Мерекедегі мейірім сәулесіне бөленген жанның бірі Диана Смағұлова да өз­деріне қолайлы жағдай жасаған облыс басшысына риясыз көңілін біл­діріп, әннен шашу шашты.

Жақсы көңіл күй сыйлаған  басқосу соңында әйел-аналардың барлығына гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс­талды.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

“Сыр бойы”.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<