Жақын күндері АҚШ «Ocean Cleanup» атты мұхитты пластик қоқыстардан тазалайтын алғашқы жүзгіш құрылғыны іске қосты. Оны 5 жыл бұрын 19 жасында голландиялық өнертапқыш Боян Слет ойлап тапқан еді. Осы үшін оған былтыр «Еуропаның жыл кәсіпкері» деген атақ берілген. Құрылғы 1 айдың ішінде 5 мың тоннадай қоқыс жинайды. «The Ocean Cleanup» шығарушы компаниясы пластикті жинау үшін 600 метрлік U – түріндегі жүзетін барьерлерді пайдаланады.
Барьер мұхитқа түсірілген соң, 60 аппараттан тұратын флот суға жіберіледі. Алдағы 5 жылда мұхиттағы қоқыстың 50, ал 2040 жылға қарай 90 проценті тазаланады деген болжам бар. Компания басқа әріптестерімен серіктесе отырып, пластикті өңдеп, өнім шығаруды да ойлап отыр. Бір барьердің құны 25 млн АҚШ доллары.
Боян Слет Грецияда дайвингпен шұғылданып жүріп, мұхиттың қаншалықты ластанғанын, балықтан көрі пластик қоқыстың көп екенін байқаған.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<