АҚШ-та нашақорлардың есірткіге тәуелділігін азайту үшін олардың миына импланттар қойылды. Бұл алғаш рет жасалып отырған тәжірибе, деп жазады ВВС.
«Он жыл бойы есірткіге тәуелді болған 33 жастағы нашақорға ми имплантын салу операциясы жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл технология жаппай пайдалауға шығаруға арналмаған», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, операция 1 қараша күні Батыс Вирджиния университетінің медицина клиникасында жасалған. Мұндай процедура тағы үш адамға жасалады деп күтілуде. Бұл пациенттер алдағы екі жыл бақылауда болады. «Алдымен ми сканерден өткізіледі. Одан кейін операция жасалады. Операция кезінде бас сүйегінде кішкентай тесік жасалып, мидың өз өзін бақылау және тәуелділікке жауап беретін бөлігіне көлемі бір миллиметр болатын имплант қойылады», деп жазады автор.
Оның айтуынша, АҚШ-та Паркинсон, эпилепсия секілді ауруларды емдеу үшін де аталған әдіс қолданылмақ. Оны АҚШ-тың өнімдер мен дәрілерді бақылау басқармасы мақұлдаған. Бүкіл әлем бойынша 180 мың адамға ми импланты қойылады деп күтілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<