Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

758

0

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде ойын-сауық мақсатында көп ақпарат тарайды. Мұндай ақпарат «жұртқа жалған мәлімет таратуды көздемейді және қауіп төндірмейді».

«Осыған байланысты біздің комитет әзіл-сықақ сипатындағы барлық жазбаны ресми түрде жоққа шығарудың қажеті жоқ деп есептейді. Біз 10 наурызға дейінгі мереке күндері коронавирус гүл арқылы жұғады дейтін аудиохабарламаға әзілмен және түсінікпен қараймыз. Комитет сонымен бірге бұл ақпараттың фейк екенін мәлімдейді, – деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бұған дейін Интернетте денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жалған видеосы тараған еді. Онда министр коронавирус гүл арқылы жұғатынын айтқан. Кейінірек тағы бір ер адам видео жасады, онда да осындай мәлімет айтылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<