Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дөмпу болуы тиістігін атап өткен. Ол үшін еліміздегі ІТ саласына назар аударуымыз қажет. Жалпы елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан біраз жылдар бұрын басталған болатын.
Дүниежүзінің дамыған елдері сияқты елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қызмет көрсету – қазіргі уақыттағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізілуде.
Елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаттан нормашығармашылық қызметте тыс қалмады, мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық актілерді (бұдан әрі – НҚА) ресімдеу, келісу және тіркеуге ұсыну, сондай-ақ әділет органдарымен мемлекеттік тіркеу процедуралары автоматтандырылды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы №568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ағымдағы жылдың 24 шілдеде №463 Үкімет қаулысы қабылданды (бұдан әрі – Үкімет қаулысы).
Үкімет қаулысы орталық мемлекеттік органдардың және облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының НҚА электрондық мемлекеттік тіркеуге 2018 жылдың 24 шілдесінен бастап, ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округтер әкімдерінің НҚА-лері көшті.
НҚА-ны мемлекеттік тіркеу үшін әділет органына мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) арқылы мемлекеттік органның бірінші басшысының, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
«Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттiк тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 545 Үкімет қаулысы қабылданды.
Қаулы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерін электронды түрде ресми жариялауға жіберу рәсімін оңтайландыруға және мерзімін қысқартуға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілері 10 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберу міндеті алынып тасталады. Оның орнына, әділет органдарында тіркелумен бір мезгілде тіркелген нормативтік құқықтық актілер әділет органдарынан ресми жариялау үшін нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне автоматты түрде жіберілетін болады.
Сондай-ақ, негізгі нормативтік құқықтық актінің мәтінінде қол қойған тұлғаның лауазымын, аты-жөнін автоматты түрде көрсету мақсатында, Мемлекеттік органдардың интранет-порталында актінің жобасын құру үшін нысанға кестесі енгізілген.
Сонымен қатар, кестеге деректер Мемлекеттік органдардың интранет-порталы жүйесімен электрондық тіркеу бақылау карточкасынан автоматты түрде көшірілетін болады, яғни кестедегі «Лауазымы, аты-жөні» деген мәтін редакциялауға жатпайды.
Д.Шарапатов,
облыстық әділет департаментінің бас маманы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<