Денсаулық – адамның ең баға жетпес байлығы. Алайда, нашар экология, сапасыз тамақтану, халықтың әлеуметтік өмір деңгейінің төмендігі және басқа да факторлар көптеген аурулардан сақтануға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, әртүрлі аурулардан әдеттегідей балаларды қорғауға қиындық туғызады.
Балалар – елдің болашағы, сондықтан дені сау ұрпақты өсіру және олардың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуі қоғамның және мемлекетіміздің ең маңызды мақсаты болып табылады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылуына байланысты әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ай сайынғы жарналарды мемлекет аударатын болады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар да бар. Барлық қажетті анализдер, диагностика, тексерулер мен емдеу мемлекеттік жарналар есебінен жүргізіледі.
Дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін әйелдерге жүктіліктің бастапқы мерзімінен бастап тексерулер мен диагностикадан өтіп, қажет болған жағдайда, өзінің денсаулығын жақсартумен қатар, болашақ сәбидің денсаулығын сақтап қалу үшін ем қабылдау қажет. МӘМС жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге жоғары дәрежелі медициналық көмекті тегін алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жеңілдік алушылардың қатарына көпбалалы аналар, жұмыс істемейтін әлеуметтік көмек алушылар, мүгедек балаларға және бала кезінен мүгедектерге қамқорлық көрсетіп отырған жұмыс істемейтін азаматтар да жатқызылды.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<