Міндет айқын, жоспар ауқымды

320

0

Міндет айқын, жоспар ауқымды Өткен жылдың қараша айында «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес отырысында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйым жұмысын жаңғыртуды тапсырған болатын. Бұл ретте БПҰ жұмысына баса мән берілді. 

Осыған сәйкес, нұротандықтар алдымен Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Шымкент қалаларында бас­тауыш партия ұйымдарының ай­мақтық форумын өткізді. Соның нәти­жесінде бастауыш партия ұйым­дарының жұмысын жандандыру Тұжырымдамасы дайындалып, бұл құжат 14-15 қараша күндері Астана қаласында барлық аймақтардың қатысуымен өткен республикалық форумда бекітілді.

Осы орайда қызылордалық нұр­отан­­дықтар бас қосып, тұжырым­да­мада көрсетілген міндеттерді жан-жақ­ты талқылап, тәжірибе бөлісті. Се­­­минар отырысына партияның ау­мақ­тық филиал өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысты.

«Нұр Отан» партиясының облыс­тың филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев халықтық қолдауға ие болған Елбасының бастамаларын насихаттауда барлық құрылымдық бөлім­шелер мен белсенділер жұмыл­дырылып отырғанын айтты.

– Бүгінде партиялық жаңғырудың нақты жоспары бойынша көптеген жұмыстар қолға алынды. Оның ішінде еліміздің әлеуметтік, экономикалық, саяси және рухани жаңғыруына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған 22-ден астам партиялық жоба жү­зе­ге асуда. Олардың қатарында жы­лына 8-16 жас аралығындағы 150 мың баланы тегін оқытуды көз­де­ген «Балаларға арналған тегін IT сыныптар», балалардың дұрыс тамақтанып, салауатты болуы үшін мектеп асханаларының жұмысында ас мәзірінен бастап, оның құрамы, қызмет сапасы, тазалық сияқты не­гізгі бағыттарды қамтитын «Мектеп асханалары», «Мектептегі футбол алаңдарын қайта құру» партиялық жобалары жүзеге асуда. Ауылды жерлерде ағылшын тілін үйрететін клуб­тар ашып, осы клубтарға ерікті ре­тінде ағылшын тілінде сөйлейтін ма­мандарды тартып, кезең-кезеңімен ауыл жастарына ағылшын тілін үй­ре­туді қолға алып жатырмыз. Бұл жо­ба­лардың барлығы халықты қол­­дауға бағытталып отыр, – деді И.Құттықожаев.

Семинарда бастауыш партия ұйым­дарының қызметін жетілдіру жұмыстары туралы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Назаров, ал партияның барлық қыз­ме­тін цифрландыруға бағытталған «Цифрлық партия» жобасы туралы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Танбаева және бас­тауыш партия ұйымдарының жұ­мы­­сын жетілдіру жолдары бойынша «Ынтымақ» бастауыш партия ұйы­мы­ның төрағасы Т.Оразбек баяндама жасады.

Сондай-ақ, партияның барлық қыз­­­метін цифрландыруға бағытталған «Цифрлық партия» жобасы, партия қа­тарына қабылдау рәсімін жетілдіру, мү­шелердің өзекті деректер базасын қалыптастыру және есепке алу, ман­саптық өсуі секілді мәселелер ор­та­ға салынып, бастауыш ұйымдардың алдында тұрған жұмыстарды пысықтады.

Шынар БЕКБАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<