Міндеттемелерді орындау маңызды

281

0

Сейсенбіде облыс әкімі­нің орынбасары Евгений Кимнің төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда аймақ­тың әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған қар­жының жұмсалу барысы сөз болды.

Алдымен жер қойнауын пай­даланушылар тарапынан міндеттемелердің орындалуы жөнінде облыстық ин­дустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев баяндама жасады. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндірумен 2016 жылы 49 жер қойнауын пайдаланушы айналысса, қазіргі күні 90 келісімшарт негізінде олардың саны 61-ге жетіп отыр. Жер қойнауын пайдаланушылардың басым бөлігі Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандарында орналасқан.

– Олардың өңірдің әлеу­мет­тік-экономи­калық әрі инфра­­құрылымдық дамуына бөл­ген қаржысы облыстық бюд­жетке аударылып келеді. Бұл туралы салық органдарына мәлімет беріп тұрамыз. Ал өзара келісімшарт талаптарының орындалуы бақылауда, – деді басқарма басшысы.

Мәжілісте сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан бөлінетін қар­жы­ның жұмсалуы, «ҚазГерМұнай» бірік­кен кәсіпорнының аймақ­тың әлеуметтік-экономи­калық дамуына атсалысуы, Салық кодексіндегі өзгерістер мен олар­дың орындалуы жөнінде айтылды.

Назерке САНИЯЗОВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<