Мемлекеттік қызмет билік пен халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуда. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев өзінің 100 нақты қадам 5 инстуционалдық реформасында: «Қазақстандық мемлекеттік қызметші – әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі бола білген халықтың және мемлекетпен жүргізілетін басқарушылық қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің сенімділік деңгейінің көрсеткіштері болып табылады»,- деп айтқан болатын.
Осы кезеңге дейін елімізде мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізіліп, уақыт көші жылжыған сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарда барынша күшейтіліп, соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтің сапасы күннен-күнге артып келеді. Жалпы мемлекеттік қызмет жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым болып табылады. Қазіргідей күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екендігі белгілі және олардың басқаларға өзінің ісімен, біліктілігімен, тәжірибесімен ғана емес, сонымен қатар әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлығымен үлгі болары анық.
Ел игілігіне қызмет етуші мамандардың, басшыларының және жалпы мемлекеттік мекемелердің жұмысына қарап халық билікке баға береді. Мәслихаттың негізгі жұмысы депутаттармен тікелей байланысты болғандықтан аппарат қызметкерлері мемлекеттік мекемелер мен тиісті органдарға депутаттар тарапынан халықтың сұранысы бойынша айтылған ұсыныстардың орындалуына ықпал жасап, өз қызметтерін жауапкершілікпен жоғарғы деңгейде орындап келеді. Сонымен қатар, олар кешенді жоспарлар бойынша жүйелі жұмыс жүргізе отырып, қызмет барысында білімдерін жан-жақты дамытып, біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп отырады.
Мемлекеттік қызметші қашанда мінсіз болуы тиіс. Бүгіндері мемлекеттік қызметшілерге еліміздің одан әрі гүлденуіне аянбай тер төгіп, барлық күш-жігерін жұмсап, халық игілігі үшін адал қызмет етуге барлық алғышарттар жасалынған.
«Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады»- деген Елбасының сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағида екендігін естен шығармауымыз керек.
Қызылорда облыстық мәслихаты
аппаратының ақпараттық тобы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<