МІНСІЗ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

469

0

Мемлекеттік қызмет туралы Елбасы Н.Назарбаев өзінің 100 нақты қадам 5 институционалдық реформасында: «Қазақстандық мемлекеттік қызметші – әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі бола білген  халықтың және мемлекетпен жүргізілетін басқарушылық қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің сенімділік деңгейінің көрсеткіштері болып табылады», – деп айтқан болатын. 

Осы кезеңге дейін елімізде бұл саланы жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізіліп, қойылатын талаптар да барынша күшейтіліп, соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтің сапасы артып келеді. Жалпы, мемлекеттік қызмет жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым болып табылады.

Халық елге қызмет етуші мамандардың, бас­шылар­дың және жалпы мемлекеттік мекемелердің жұмы­сына қарап, билікке баға береді. Мәслихаттың негізгі жұмысы депутаттармен тікелей байланысты болғандықтан, аппарат қызметкерлері  мемлекеттік мекемелер мен тиісті органдарға депутаттар тарапынан халықтың сұранысы бойынша айтылған ұсыныстардың орындалуына ықпал жасап, өз қызметтерін жауапкершілікпен орындап келеді. Сонымен қатар, олар кешенді жоспарлар бойынша жүйелі жұмыс жүргізе отырып, қызмет барысында  білімдерін жан-жақты дамытып, біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп отырады.

Мемлекеттік қызметші қашанда мінсіз болуы тиіс.  Бүгіндері мемлекеттік қызметшілерге еліміздің одан әрі гүлденуіне аянбай тер төгіп, барлық күш-жігерін жұмсап, халық игілігі үшін адал қызмет етуге барлық алғышарттар жасалынған.

Облыстық мәслихат

 аппаратының ақпараттық тобы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<