Мобилді аударымдар мәселесі

1571

0

Кәсіпкерлерді көлеңкеден шығару үшін мобильді ақша аударымдары қызметіне «төлем жасау» функциясы келесі жылдан бастап қосылады.

Қазір тауар мен қызмет ақысын мобильді аударымдар арқылы алып, таза табысын жасырған бизнес өкілдері аз емес. Бұдан былай тұтынушы тауар үшін «төлем жасау» бағанына өтіп, есеп айырысады,яғни кәсіпкерге қызметі үшін қаржы аударсаңыз, ол – «төлем» деп аталатын болады

Сол төлемдер туралы салық органдарына банктерден ақпарат түсіп тұрады.

Бұдан бөлек, заңға сәйкес, мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысу кезінде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдану заңдастырылады.

Салық заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістер бұл жаңа салық түрі емес. Бұрынғыдай кәсіпкерлер өз салық режимін қандай негізде жүзеге асырды, салық есептерін дәл солай жүргізіп отырады.

2023 жылға дейін Қазақстанда микро және шағын кәсіпкерлік кіріс салығынан босатылған.

Ал, қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселе – жеке тұлғаларға қатысты.

Егер де жеке тұлға мобильді аударымдар жасайтын болса, банктік құпияны сақтау талаптары аударымдар туралы ақпарат кірістер органдарына берілмейді.

Мысалы туысыңызға карточкаңыздан қаржы бөлсеңіз «аударым» деген тетікті таңдауыңыз керек, оған салық салынбайды және кірістер органына жеке тұлғалардың ақпараты берілмейді.

ҚМКД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<