Моңғолияға мемлекеттік сапар

291

0

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барғаны туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі. Мыңдаған жылдарға созылған тарихи байланысы бар екі халықтың қазір түрлі саладағы қарым-қатынасы жақсы деңгейде. Екі ел басшысының кезекті кездесуінде саяси және экономикалық байланыстарды нығайту жайы талқыланып, бірқатар келіссөз өтуі мүмкін екені хабарланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<