«Қызылорда облысы бойынша биылғы жылдың 8 айында аймақтын медициналық ұйымдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде халыққа көрсетілген қызметтер үшін аударылған қаражат көлемі 2,58 млрд теңгені құрады», – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.
Айта кетейік, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алумен айналысады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<