«Мүмкіндіктер керуені» өтті

1913

0

Кеше жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіпкерлікті дамыту, жастардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында Тасбөгет кентінің орталық алаңында «Мүмкіндіктер керуені» ұйымдастырылды. Ол туралы қалалық Ішкі саясат бөлімі хабарлады.

Шарада бос жұмыс орындары жәрменкесінен тұрақты жұмысқа 12 азамат, ал арнайы жұмыс орындары бойынша 5 жұмыс беруші мекемемен шарт жасалып, 6 мүмкіндігі шектеулі азамат арнайы жұмыс орындарына жолданды.

«Мүмкіндіктер керуені» өтті
«Мүмкіндіктер керуені» өтті

Жастар тәжірибесі бағдарламасы аясында 15 жас маман уақытша жұмыс орындарына жолдама алды. Қоңыс аудару бағдарламасы аясында өзге өңірлерге 1000 бос жұмыс орны, бұдан бөлек, 30 жұмыс беруші мекемелерден 200-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды.

«Мүмкіндіктер керуені» өтті

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар («Дипломмен ауылға», «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы», «Бизнес бастау»), мамандықтар туралы, жастарға және жас отбасыларға тұрғын-үй алу мүмкіндігі, «Отбасы Банк» АҚ-нің, «E-gov» электронды қызмет көрсету жүйесін пайдалану бойынша кеңес беріліп, тегін құқықтық және дәрігерлік қызметтер көрсетілді.

«Мүмкіндіктер керуені» өтті

C. Майқанова атындағы мәдениет үйінде жастар тегін үйірмелерге, тілдік курстарға жазылып, арнайы «Жас журналистер», «Жас ақындар», «Жас модельдер», «Жас актерлер» кастингтері ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерінен (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, қол күресі, гір көтеру, асық ату) сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Кеш соңы заманауи әндермен жалғасын тауып, гала концертке ұласты.

Алдағы уақытта тоқсанына бір рет «Мүмкіндіктер кеуенін» Қызылорда қаласының шет аймақтарында өткізу жоспарланған.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<