«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қолдауымен ынтымақтастық шеңбері аясында Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінің пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әдістемелік workshop өткізілді.
Озық тәжірибе – ортақ нәтиже» тақырыбындағы workshop жұмысы барысында филиалдың аға оқытушылары қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, биология, химия, физика, информатика, тарих, география және бастауыш сынып пәндері бойынша мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысты.
Қатысқан сабақтарды талдау барысында мұғалімдердің жұмысында кездесетін қиындықтары мен проблемалары анықталды. Атап айтқанда, сабақты жоспарлау, сабақтың мақсаттарын анықтау, топтық, жұптық және жеке жұмыс кезінде формативті бағалау стратегиялары, сараланған тапсырмаларды құрастыру және таңдау, уақытты басқару және т.б. мәселелер бойынша талдау жасалды.
Workshop-тың қорытынды бөлігінде әдістемелік сағат өткізіліп, мұғалімдердің көптеген сұрақтарына жауап берілді. Сындарлы диалогта пән мұғалімдері қиын тақырыптар аясындағы сұрақтарын ортаға салып, тренерлерден мазмұнды жауаптар алды. Әдістемелік шара педагогтерге креативті идеялар ұсынылған, әдістемелік көмек көрсетілген, педагогтерді шабыттандырған ойталқы алаңына айналды. Әдістемелік workshop-та оқу үдерісіндегі проблемалар, кемшіліктер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Алдағы уақытта «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қолдауымен мектеп мұғалімдеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері жүргізіліп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын әдістемелік шаралар жалғасатын болады.
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<