Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «ПетроКазахстан ИНК» компаниясының президенті Ян Миньюй және «ҚазГерМұнай»БК» ЖШС басшыларымен кездесіп, «Ақсай Оңтүстік» кен орнында мұнай-газ саласының мәселелерiн талқылады.
Кездесуде мұнай және газ өндіру технологияларын қолдану, дамыту, тауарлы газ өндiрiсiн ұлғайту және өзге де өндірістік процестер сөз болды.
Аймақ басшысы аталған мәселелер алдағы уақытта зерттеліп, шешімі қарастырылатынын атап өтті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<