Мұнай өнімдерін жеткізіп беруші кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!

949

0

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне (бұдан әрі – АШТӨ) жыл сайын егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлеміне және жасалынған технологиялық картасына сәйкес көктемгі дала және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика министрлігінің тарапынан кепілді бағамен арзандатылған дизель отыны бөлінеді.

Қазіргі уақытта, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан биылғы жылы күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынының қажеттілігі және АШТӨ арзандатылған дизель отынын жеткізіп беруші операторлар бойынша ұсыныстар сұратылуда.

Осы ретте, ұсыныс білдірген кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 17-бабының
2-тармағына сәйкес, келесі критерийлерге сай болу қажет:

-Мұнай өнімдерін жеткізу қызметі саласында жұмыс өтілі бар

-Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерінің базасына немесе резервуарға иелік ету.

Осыған орай, күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге бөлінетін дизель отынын АШТӨ жеткізіп беруші оператор ретінде ынта білдірген кәсіпкерлік субъектілері тарапынан ұсыныстар болған жағдайда, Қызылорда қаласы және барлық аудан әкімдіктеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс телефондары:

Жаңақорған ауданы: 8 (724-35) 21-5-83

Шиелі ауданы: 8 (724-32) 4-13-72

Сырдария ауданы 8 (724-36) 21-3-53

Жалағаш ауданы: 8 (724-31) 31-7-47

Қармақшы ауданы: 8 (724-37) 2-12-36

Қазалы ауданы: 8 (724-38) 79-2-80

Арал ауданы: 8 (724-33) 2-14-80

Қызылорда қаласы: 8 (7242) 26-14-24 (ішкі 104)

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<