Мұнай өнімін заңсыз шығарған тұлға сотталды

415

0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде болған мұнай өнімдерін заңсыз өңдеу, шығару және сатуға қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты.

1972 жылы туылған азамат 2016 жылдан бастап кәсіпкерлікпен, яғни облыстағы мұнай компанияларымен арада жасалған келісім шарттар негізінде мұнай бассейндерін тазалау, нефтешламдарды шығару және жою қызметтерімен шұғылданған. Алайда араға жылдар салып заңсыз әрекеттерге бет бұрғаны байқалады. Мұнай бассейндерін тазалау және қалдықтарды жою үшін жасалған келісімдерді пайдаланып,  өңделмеген мұнай өнімдерін қыздырып,  тұндырылған өнімді иемдену және сату жоспарын іске асырған. Пайда болған өнімді  мұнай қалдықтарын тасымалдауға арналған көлік құралдарының көмегімен кен орнынан алып шығып, заңсыз мұнай өнімініңтоннасын 110 мың теңгеден бірнеше заңды тұлғаларға сатуды жүзеге асырған.

Қылмыстық әрекеттердің жазасын Қызылорда қалалық №2 сотының қашықтықтан өткен ашық сот отырысы белгіледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197 бабы 3-бөлігімен «мұнай және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдағаны, иемденгені, өткiзгені, сақтағаны, сондай-ақ мұнайды қайта өңдегені үшін», 218 бабы 1-бөлігімен «қылмыстық жолмен түскен табысты заңды айналымға тартып, иемденіп және пайдаланғаны үшін» «Тандем Петролеум» ЖШС-нің директорына 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Жаза мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.

ҚР ҚМ ҚМК Қызылорда облысы бойынша

экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<