Мұнай зауыттары жөндеуден өтеді

498

0

Фото: ашық дереккөз

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде елдегі үш мұнай өңдейтін зауыттың бәрі биыл жөндеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– 2022 жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшерін өндірдік. Осындай көрсеткішке қол жеткізу Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеуді 2023 жылға ауыстыруға байланысты болды. Биыл барлық 3 мұнай өндеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін ескерсек, өндіріс көлемі 13,4 млн тонна деңгейінде болады деп болжанады, – деді министр.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов Шымкент мұнай өндеу зауытын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін жобалау басталатынын айтты.

– Биыл министрліктің негізгі міндеті – ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету. Экономиканың сапалы жанар-жағармайға деген сұранысын қамтамасыз ету үшін биыл өндірісті жылына 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін, келешекте жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз, – деді ведомство басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<