Мұстафа Шоқайдың Берлиндегі зираты ешқайда көшірілмейді – СІМ

640

0

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияның Берлин қаласындағы Мұстафа Шоқайдың зираты сүрілгелі жатқаны туралы мәлімет туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желіде Берлиндегі Мұстафа Шоқайдың зиратын бұзып, қиратып, басқа жерге көшіргелі жатқаны туралы жалған ақпараттар тарап жатыр. Бұл ақпарат расталмайды. Өйткені біздің Елшіліктің қызметкері дереу барып, зират қызметкерлерімен сөйлесіп, фото, видеоға түсіріп, бәрін өз көзімен көріп келді. Мұстафа Шоқайдың зираты орнында. Ешқайда көшірілмейді. Сондықтан мұндай өтірік ақпарат таратуды тоқтату керек», – деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, ол Тайланда ұсталған Қазақстан азаматына жергілікті полиция қандай айып тағып отырғанын айтты.

«Өкінішке қарай, кейбір БАҚ ақпаратты қайталап тексерместен, дереккөзге сілтеме жасап таратқан. Біз мәлімет сұраттық, тай билігі растады. Қазір оның кім екені анықталды. Расымен ол Қазақстан Республикасының азаматы. Таиланд полициясы 45 тәулікке қамауға алды. Оған аталмыш елде болудың визалық режимін 4 күнге асырып, бұзғаны туралы айып тағылып отыр. Одан басқа ресми ақпарат түскен жоқ. Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі бұл мәселені бақылауда және Таиландтың құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста. Яғни, оның оқ атқаны, атпағаны белгісіз. Тек көші-қон режимін бұзған», – деді ресми өкіл.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<